03 маусым 2014 11:28

Алматылық түлек ҰБТ-да 125 балл алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰБТ-ның алғашқы күні алматылық түлек тестілеудің ең жоғарқы көрсеткіші 125 балл алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасай отырып.


ҰБТ-ның алғашқы күні алматылық түлек тестілеудің ең жоғарқы көрсеткіші 125 балл алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасай отырып.

Ең жоғарғы балл алған Айғаным Бақытқызы Әбдіжаппар №178 мектеп-лицейінің түлегі. Ол тестті халықаралық білім корпорациясы базасында тапсырған.

Ал 6233 түлек тиісті балды жинай алмаса, 3797 түлек 100-ден аса балл жинаған. 2 маусым күні тестілеуге 26147 түлек қатысты, олардың 18417-сі қазақ мектептерінің,  7730 орыс мектептерінің түлектері. Тестілеу 61 пунк базасында жүрді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2 маусым күні Қазақстанда ҰБТ басталды. Ұлттық біріңғай тестілеу 8 маусымға дейін жалғасады.ҰБТ-ға 92 мыңнан астам түлек қатысады. ҰБТ-ның алғашқы күні әлеуметтік желілерге ҰБТ-2014 тапсырмаларының суреттері салынған көрінеді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети