07 тамыз 2014 12:40

Алтайдан қобызға ұқсас көне музыкалық аспап табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Түркі академиясының баспасөз қызметі ©Түркі академиясының баспасөз қызметі

Қазақстандық археологтер Алтайдың Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы тұсынан көне музыкалық аспапты тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық археологтер Алтайдың Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы тұсынан көне музыкалық аспапты тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев бастаған Қазақстан ғалымдары Алтайда археологиялық қазба кезінде көне жауынгердің жерленген жерін тапты. Археолог жауынгер шамамен VII ғасырда өмір сүрген деп топшылайды. Ғалымдар жауынгермен бірге ежелгі дәуірдегі дулыға, қорамсақ, садақ оғы, қылыш, дойбы, ат сүйегі, алтын жалатылған ер-тұрман, жүген сияқты әбзелдер мен қару-жарақты да тапты. Археологиялық қазба жұмысының басты олжасы - қобызға ұқсас музыкалық аспап", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Адам сүйегі мен аттың қаңқасы жақсы сақталған. Археологтың шамалауынша, бұл адам қоғамда биік дәрежеге ие болған. Алғашқы сараптаманың нәтижесі жауынгердің шамамен 40 жаста болғанын көрсетіп отыр.

Түркі академиясы өкілдерінің айтуынша, бұл ескерткіш "Батыс Түркі қағанатының мемлекеттік құрылымы" жобасы аясында қазып алынды. Былтыр бұл жерден екі археологиялық топ көне музыкалық аспаптың екі түрін тапқан. "Бұл жәдігердің қай кезге жататыны Түркі академиясында жүргізілетін сараптамадан соң анықталатын болады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, өткен шілде айының соңында Ақмола облысында түркі дәуірі көне жауынгерінің қаңқасы табылған еді. Зерттеу барысында темір жебенің ұштары, басқа да қару қалдықтары мен қола сырға табылды. Қабірдің шығыс жағынан жылқының қалдықтары шықты. Жылқы жүгенделіп, ер-тұрман салынған күйінде көмілген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети