Батыс жартышарының (Солтүстік және Оңтүстік Америка) тұрғындары 15 сәуір түні "қанды ай" (қызыл ай) деп аталатын сирек астрономиялық құбылысты бақылады. Бұл жолы айдың алғашқы тұтылуы 78 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында аспанда Жер ғаламшарының тек әлсіз сұлбасы ғана көрінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ай тұтылмас бұрын алдымен оның бетіне көлеңке түскендей болды, кейіннен ай күрең қызыл түске айналды. Алайда қазақстандықтарға бұл құбылсты көру мүмкін болмады.
Интернет қолданушылар үшіни Аризона штатының Прескотт обсерваториясы YouTube-та тікелей көрсетілім жариялады.
Ғалымдардың айтуынша, "қанды айды" (қызыл ай) осы жылы тағы бір рет және келесі жылы екі рет көруге болады. Келесі "қанды ай" құбылысы 2014 жылдың 8 қазанында, одан кейінгілер келесі жылы 4 сәуірде жіне 28 қыркүйекте болады. Одан кейінгі Айдың "қанды" тұтылу циклдарын жер тұрғындары тек 2032 жылы көре алады екен.
Кейбір ырымшыл адамдар бұл астрономиялық құбылысқа алаңдаушылық танытып, бір қатердің төніп келе жатқаныдығын айтады. Олардың айтуынша, Інжілде "Қатер төнген Күні күн қара түнекке, Ай қанға айналады" делінген.