13 шілде 2015 | 09:44

Американы 3300 жыл бұрын қытайлықтар ашқан - ғалым

ПОДЕЛИТЬСЯ

© John Ruskamp © John Ruskamp

Иллинойс ғалымы Джон Рускамп Американың ашылу тарихын қайта жазып шығуға болатындай жаңалық ашты. Альбукеркенің Петроглиф Ұлттық саябағындағы жартасқа жазылған 25 мың суреттің ішінен ғалым біздің эрамызға дейінгі XIV ғасырдағы ежелгі Қытайдың жүздеген иероглифтерін тапты. Ол бұл туралы сараптамалық бағалаудан өтіп жатқан ғылыми мақаласында жазды. 


Иконка комментария блок соц сети

Иллинойс ғалымы Джон Рускамп Американың ашылу тарихын қайта жазып шығуға болатындай жаңалық ашты. Альбукеркенің Петроглиф Ұлттық саябағындағы жартасқа жазылған 25 мың суреттің ішінен ғалым біздің эрамызға дейінгі XIV ғасырдағы ежелгі Қытайдың жүздеген иероглифтерін тапты. Ол бұл туралы сараптамалық бағалаудан өтіп жатқан ғылыми мақаласында жазды. 


Альбукеркедегі Петроглиф Ұлттық саябағы. © wikimedia.org

Қытай хаттарын зерттеуші маман әрі бұрынғы химиктің нұсқасы расталса, онда Америка құрлығын 3300 жыл бұрын, яғни Христофор Колумбқа дейін 2800 жыл бұрын қытайлықтар ашқаны дәлелденеді.

Жазулар 30 шаршы метр ауданды алып жатыр. Осыған дейін бұл жазуларды тасқа Американың ежелгі тұрғындары - үндістер мен испан халқы жазды деп есептелген болатын. Бірақ пиктограмманы анықтап зерттей келе Рускамп жазуды қытайлық Шан династиясы (б.э.д 1600 -1027 жылдар аралығында өмір сүрген) иероглифтеріне ұқсас деген қорытындыға келді.


Альбукеркенің Петроглиф Ұлттық саябағындағы жартасқа жазылған кей белгілер ежелгі Қытай жазуларына ұқсайды. © John Ruskamp


© John Ruskamp

Қытай жазуларына ұқсас белгілер Американың басқа да жерлерінен - Аризона мен Невада штаттарынан табылды.

Рускамптың айтуынша, ол ежелгі Қытай иероглифтеріне ұқсас 84 пиктограмманы тапқан. Олардың кейбірі мәтінмен байланысты болып шықты.

Аризонадан табылған пиктограммалар да ежелгі Қытай иероглифтеріне ұқсас. © John Ruskamp


© John Ruskamp

Скептиктердің белгілерді Америкаға қазіргі кезде қоныстанған эмигранттардың жазуы мүмкін екендігі туралы ойын ғалым жоққа шығарды. Рускамптың айтуынша, Шан династиясы кезінде жазылған Қытай жазулары ұмытылып кеткен. Қазір мұндай жазуларды тек кейбір ғалымдар ғана біледі. Ежелгі белгілерді толығымен ашу әзірше мүмкін болмады.


Джон Рускамп. © China Daily

Daily Mail басылымының мәліметінше, Джон Рускамп Американы қытайлықтардың ашқаны туралы айтқан алғашқы адам емес. Ұлыбританиялық тарихшы Гэвин Мензис "Американы кім ашты" атты кітабында Америка құрлығында алғаш рет адмирал Чен Хенің болғанын айтқан. Өмірінің 14 жылын Қытай экспедициясы қозғалысының картографиясына арнаған бұрынғы офицер-сүңгуір бұл жағдайдың Колумбтан 70 бұрын болғанын айтқан екен.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети