Ақмола облысынан қола дәуіріне тиесілі археологиялық сенсация табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысынан қола дәуіріне тиесілі археологиялық сенсация табылды © Нұржан Юмашев

Ақмола облысынан қола дәуіріндегі археологиялық сенсация табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облысы мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы Талғат Ибраев айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысынан қола дәуіріндегі археологиялық сенсация табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облысы мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы Талғат Ибраев айтып берді.

Артефакттар Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унверситеті мен Якутия Солтүстік-Шығыс федералды университеті студенттері мен Көкшетау қаласындағы "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығындағы білім алушылар қатысқан экспедиция кезінде табылды.

"Тарихи қазба Зеренді ауданы Кенеткөл ауылына жақын маңдағы обаларды қазу кезінде табылды. Біз көне сауыт пен сүйектен жасалынған, өрнектері бар бойтұмар таптық. Сауыт бір жыл бұрын діни белгісі бар ыдыстар қазып алынған орыннан табылды. Бұл мекен андроновтар мәдениетіне тиесілі", - деді Ибраев.

Оның айтуынша, археологтар қазір бұйымдарды тезірек құтқарып алумен айналысып жатыр, себебі олар жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Ежелгі обалардың қасында жайлау мен автотрасса бар. "Ыдыстарды әзірше екі қорғаннан ғана жинап жатырмыз, қалғандары бертін келе жойылып кеткен. Сонымен қатар, бас жағында құмыра жатқан нәрестенің эмбрионы табылды. Қорғанда әлі екі оба бар, сондықтан да барлық сенсация алда", - деді Ибраев. Қазба жұмыстары 1-2 шілдеге дейін жалғасады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети