Ақтөбеде сармат кезеңінің қару-жарақтары тоналмаған сарбаздары табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде сармат кезеңінің қару-жарақтары тоналмаған сарбаздары табылды © ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ақтөбеде сармат кезеңінің бес қаруын асынған сарбаздары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде сармат кезеңінің бес қаруын асынған сарбаздары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы далалық маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің "Халық қазынасы" ғылыми-зерттеу институты еліміз бойынша әр тарихи кезеңдерді қамтитын оннан астам нысанда археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кезекті зерттеулердің бірі - Ақтөбе облысының Қобда ауданында орналасқан ж.с.д. VI-V ғасырларға жататын Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешенінде жалғасты. Бұл кешендегі биылғы атқарылған жұмыстар мен алынған мағлұматтар туралы экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлы айтып берді. "Савроматтық жергілікті билік әулеті өкілінің құрметіне салынған Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешеніндегі зерттеу жұмыстары 2011 жылдан басталған еді. Бес жылдық кешенді зерттеулер барысында ескерткіштің айналасынан әр тарихи кезеңнің 7 жерлеу орны мен 2 ғұрыптық рәсімдератқарған нысандар зерттелінді. Ірі архитектуралық ескерткіш саналатын диаметрі 50 метр, биіктігі 4,7 метр топырақ үйінділі обада құрылыстың салыну кезеңдерін анықтауға байланысты қазба жұмыстарын жүргізу барысында биыл екі жауынгердің тоналмаған жерлеу орны ашылды", - деді ол.

"Бұл жерлеулер негізгі ескерткіш тұрғызылғаннан бірнеше жүз жылдан кейін жасалынған. "Ер қуаты - қаруы" дегендей, екі жауынгер ату қаруы - оққа толы қорамсақты садақпен (садақтың тек ізі сақталынған), түйреу қаруы -темір ұшты найзасымен және кесу қаруы - қылыш, қанжарымен бірге жерленген. Оба үйіндісінің ортасындағы негізгі қабір шұңқырының шетіне қойылған үшінші жауынгердің қорамсағынан 184 қола жебелер табылды", - деді археолог ғалым.


© ҚР АШМ баспасөз қызметі

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети