Тимур Смағұлов ©tengrinews.kz
Павлодар өңірінің археологтары зерттеу экспедициясы барысында ұшу құралдарын пайдалануды тәжірибеге енгізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодар мемлекеттік педигогикалық институтының ғалымдары осылайша заманауи техника құралдарының көмегіне жүгініп, толағай табыстарға кенелуде. Мамандардың айтуынша, өткен жылы "Сарыарқаның археологиялық мұрасы" атты халықаралық жазғы мектебі барысында Лебяжі ауданы Бесқарағай елді мекенінің маңынан бірегей ескерткіштер табылған. Осы сәтте Сібір жерінен келген археологтармен спутниктік желі арқылы зерттеу жүргізу мәселесі талқыланған болатын. - "Археология" курсы аясында филология және тарих факультетінің студенттерімен игі істер атқарылды. Мәселен, археологиялық нысандарды зерттеу кезінде қашықтан зерттеу әдісі және археологиялық ескерткіштерді жоғары деңгейлі спутниктік желі көмегімен позициялау әдісін пайдаланудамыз. Аталған жобаны жүзеге асыру барысында Қазақстандағы пилотсыз авиация зерттеуін алдыңғы орынға шығару болып есептеледі. Осы орайда орталығымыз түрлі әдістерді қолдану үстінде, - дейді ПМПИ археологиялық-этнографиялық зерттеу орталығының директоры Тимур Смағұлов.
Павлодар өңірінің археологтары зерттеу экспедициясы барысында ұшу құралдарын пайдалануды тәжірибеге енгізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар мемлекеттік педигогикалық институтының ғалымдары осылайша заманауи техника құралдарының көмегіне жүгініп, толағай табыстарға кенелуде.
Мамандардың айтуынша, өткен жылы "Сарыарқаның археологиялық мұрасы" атты халықаралық жазғы мектебі барысында Лебяжі ауданы Бесқарағай елді мекенінің маңынан бірегей ескерткіштер табылған. Осы сәтте Сібір жерінен келген археологтармен спутниктік желі арқылы зерттеу жүргізу мәселесі талқыланған болатын.
- "Археология" курсы аясында филология және тарих факультетінің студенттерімен игі істер атқарылды. Мәселен, археологиялық нысандарды зерттеу кезінде қашықтан зерттеу әдісі және археологиялық ескерткіштерді жоғары деңгейлі спутниктік желі көмегімен позициялау әдісін пайдаланудамыз. Аталған жобаны жүзеге асыру барысында Қазақстандағы пилотсыз авиация зерттеуін алдыңғы орынға шығару болып есептеледі. Осы орайда орталығымыз түрлі әдістерді қолдану үстінде, - дейді ПМПИ археологиялық-этнографиялық зерттеу орталығының директоры Тимур Смағұлов.