1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғылым-Бiлiм

Астанада 362 мектеп түлегі тест тапсырмаса да болады

©astana.vc ©astana.vc

Биыл Астана қаласы бойынша 362 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспай-ақ, кез келген жоғары оқу орнына түсе алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық білім беру басқармасының бастығы Эльмира Суханбердиеваға сілтеме жасап. 

Оның хабарлауынша, биыл қала бойынша 4042 түлек мектепті бітіріп отыр. Олардың ішінде 3588 бала емтиханды ұлттық бірыңғай тестілеу түрінде тапсырмақ. "Ал 362 бала тестті тапсырмаса да болды. Олардың өз еркі, тестті тапсырса да, тапсырмаса да болады. Себебі олар халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып саналады. Осыған орай, республиканың кез келген жоғары оқу орнына түсе алады", - деп атап көрсетті Э.Суханбердиева бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетейік, Астана бойынша тест тапсыратын 3588 түлектің 1777-сі қазақ тілде білім алған оқушылар болса, 1811-і - орыс тілділер. Бұдан бөлек, мемлекеттік емтихандарды бұрыңғы тәртіппен тапсыратын 454 бала бар. Олар - алыс және жақын шетелдің жоғары оқу орындарына түсем деушілер.