Астрономдар ғарыштан тылсым радиотолқындарды қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астрономдар ғарыштан тылсым радиотолқындарды қабылдады ©Swinburne University

Ғалымдардың халықаралық тобы Австралия, Калифорния, Канар аралдары, Чили, Германия, Гавай аралдары, Үндістан, Пуэрто-Рикодағы обсерваториялар тіркеген тылсым әрі өте қуатты радиодабылдардың қайдан пайда болғанын анықтауға тырысып жатыр, - деп жазады The Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдардың халықаралық тобы Австралия, Калифорния, Канар аралдары, Чили, Германия, Гавай аралдары, Үндістан, Пуэрто-Рикодағы обсерваториялар тіркеген тылсым әрі өте қуатты радиодабылдардың қайдан пайда болғанын анықтауға тырысып жатыр, - деп жазады The Daily Mail.

Ерекше импульсті Паркс деп аталатын австралиялық радиотелескоп 2007 жылы тапты. Оның белгілері қиыр ғарыштан тарады, аз ғана уақытқа жалғасса да, оның қуаты Күн энергиясының бір күн бойы жарықтандыратын эквивалентіне жақын болды.
Астрономдардың болжауынша, біртүрлі белгілер бізге Құс жолы галактикасынан, ал белгілердің қайнары Жерден 5,5 миллиард жарық жылы қашықтығынан келеді.

Соңғы тұжырым плазма дисперсиясы деген атқа ие эффекттің өлшеудің негізінде жасалды. Ғарышта жүретін импульстер жұлдызаралық электрондардан шығып, радиотолқындарды өте аз жылдамдықта және төменгі радиожиілігінде жүргізетін жасанды толқындардан ерекшеленеді.

Мұнымен қатар, ғалымдар тылсым радиобелгілердің екі қара жыра аумағынан шығып отырғанын анықтады. Бірақ зерттеушілер белгіні дәл осы қара жыралардан шығып отырғанына сенімді емес.

Ғалымдардың айтуынша, олар радиотолқындармен қатар рентген немесе инфрақызыл сәулелерді таба алмаған. Сондықтан толқынның белгілерін бірқатар астрономиялық құбылыстан шығуы мүмкін емес екені туралы тұжырым жасалды. Мұндай құбылыстар кезінде жұлдыздардың өшуі мен жаңасы пайда болуы нәтижесінде шығатын гамма-сәулелердің шығуы мүмкін. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети