13 қыркүйек 2019 | 11:20

Атырауда су жаңа мектеп оқулықтары жаңбыр астында қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда су жаңа оқулықтар жаңбыр суының астында қалды. Баспадан енді шыққан кітаптарды бөлмек боп, қаладағы №2 орта мектепке түсірген. Алайда ауа райын есепке алмағанға ұқсайды, деп хабарлайды astanatv.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Атырауда су жаңа оқулықтар жаңбыр суының астында қалды. Баспадан енді шыққан кітаптарды бөлмек боп, қаладағы №2 орта мектепке түсірген. Алайда ауа райын есепке алмағанға ұқсайды, деп хабарлайды astanatv.kz.

Видеоны әлеуметтік желі қолданушысы таратты. Жаңбырдан кейін кейбір кітап бумасымен су бетінде жатыр. Қораптары жаңбыр мен балшыққа былғанған. Бірақ оған қарап жатқан кітапханашылар жоқ. Бүлінген оқулықтарды әй-шәйға қарамай, көлікке тиеп жатыр.

"Алып жатырмыз, ішке барған соң түгендейміз ғой. Бүлінгенді түгел алып жатырмыз", - деді кітапханашы Лиза Абдолова.

Кітапханашылардың бірі Клара Қаражанова да қанша кітаптың су астында қалғанынан хабарсыз.

Бірақ қала әкімінің орынбасары "кітаптар бүлінген жоқ, бюджетке бір тиын да шығын келмеді" деді.

Естеріңізге салайық, бұған дейін жаңартылған бағдарламаға көшкен 3-сыныптың 35 мыңдай оқушысы кітапсыз білім алғаны хабарланған еді. Шенеунік кітаптың кешігуі тасымалдауға жауапты болған "Теміржолсервис" компаниясының кінәсі деп отыр.

"Таңертең дайындап шығарып қойған. Машиналар тиеп алып жатыр. Бірнеше рейспен жасайды. Сол кезде жаңбырдың кесірінен кейбір кітаптар су болып қалды. Ешқандай келеңсіз жағдай деп айтуға болмайды. Қазіргі таңда әлеуметтік желіге көрінген нәрсені сала береді. Ол жерде ешқандай шығын келтірілген жоқ», - деп түсініктеме берді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тнәлиев. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети