Атыраулық өнертапқыш үш жерден қуат өндіретін қондырғы жасап шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық өнертапқыш үш жерден қуат өндіретін қондырғы жасап шығарды © diapazon.kz

27 жастағы атыраулық Ержан Нұрединов үш жерден энергия өндіретін қондырғы жасап шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 жастағы атыраулық Ержан Нұрединов үш жерден энергия өндіретін қондырғы жасап шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жас энтузиаст ғалым қазір идеясының "ЭКСПО 2017" ұлттық компаниясы өткізіп жатқан конкурста бәйгеге түсіп жатқанын айтты.

"Менің қондырғым Саманея ағашына ұқсатылып жасалады. Энергия үш жерден алынады: жер астынан, күннен және желден. Геотермалды қондырғы жер астынан жылу шығарып қыста орындықтарды жылытады. Қондырғының бұтақтарында күн батареялары орналастырылады. Батареялардың астында жел энергиясын алатын спираль тектес модульді турбиналар болады. Алынған энергиямен жақын маңдағы тұрғын үйлерді жарықтандыруға мүмкіндік бар. Талда орналасқан шамдар түбіндегі орындықтарға жарық түсіріп тұрады", - дейді жас ғалым.

Ержан қала көшелеріне қойылатын қондырғыда тұрғындарға пайдалы өзге де функциялар болатынын айтты. Нақты айтқанда, жел жылдамдығын, ауа температурасын, ауадағы ылғалдылықты өлшейтін аппараттар орналастырылады. Сонымен қатар, Wi-Fi модем, дисплей, дыбыс шығарғыштар қойылмақ.

Ержан Нұрединов қондырғысын өндіріске қойып, жаңа жұмыс орындарын ашуды, ел экономикасын дамытуға үлес қосуды армандайтынын айтты. Қондырғысын патенттеп те үлгерген.

"Жобамды аймақта өткен инвестициялық форум кезінде Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа көрсеттім. Ол бұған үлкен қызығушылық танытты", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети