Аустралияда динозаврдың ең ірі ізі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аустралияда динозаврдың ең ірі ізі табылды © The University of Queensland

Аустралияда динозаврдың 1,75 метр ізі табылды, - деп хабарлайды CNN Квинсленд университеті таратқан баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аустралияда динозаврдың 1,75 метр ізі табылды, - деп хабарлайды CNN Квинсленд университеті таратқан баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Бұл із зауроподқа - мойны ұзын кесіртке тектес динозаврға тиесілі. Ізді қалдырған динозаврдың биіктігі 5,4 метр болуы мүмкін.


© The University of Queensland / edition.cnn.com

Бұл әлемдегі ең ірі із болып келеді. Мұның алдындағы рекорд 1,15 метр болған. Ол 2016 жылы жазда Боливияда табылған еді.

Алып жануардың іздері Солсбери ауданындағы Дампьер түбегінен табылған. Бұл жерде бұрындары да түрлі топқа жататын динозаврлардың іздері табылған болатын.


Адам мен Зауропод
© The University of Queensland / edition.cnn.com

Мұндағы жартастарға 127 - 140 миллион жыл болған. "130 миллион жылға шегіне алсақ осы жағалауда түрлі динозаврлардың жүргенін көрген болар едік. Бұл бір ғаламат көрініс болған шығар", - дейді зерттеу жетекшісі Стив Солсбери CNN арнасына берген сұхбатында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети