Аустралияда динозаврдың 1,75 метр ізі табылды, - деп хабарлайды CNN Квинсленд университеті таратқан баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
Аустралияда динозаврдың 1,75 метр ізі табылды, - деп хабарлайды CNN Квинсленд университеті таратқан баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
Бұл із зауроподқа - мойны ұзын кесіртке тектес динозаврға тиесілі. Ізді қалдырған динозаврдың биіктігі 5,4 метр болуы мүмкін.
© The University of Queensland / edition.cnn.com
Бұл әлемдегі ең ірі із болып келеді. Мұның алдындағы рекорд 1,15 метр болған. Ол 2016 жылы жазда Боливияда табылған еді.
Алып жануардың іздері Солсбери ауданындағы Дампьер түбегінен табылған. Бұл жерде бұрындары да түрлі топқа жататын динозаврлардың іздері табылған болатын.
Адам мен Зауропод
© The University of Queensland / edition.cnn.com
Мұндағы жартастарға 127 - 140 миллион жыл болған. "130 миллион жылға шегіне алсақ осы жағалауда түрлі динозаврлардың жүргенін көрген болар едік. Бұл бір ғаламат көрініс болған шығар", - дейді зерттеу жетекшісі Стив Солсбери CNN арнасына берген сұхбатында.