Әйел адаммен бір шаңырақ астында тұрудың қиындығы неде? Мамандардың зерттеуі

23 Қаңтар 2018, 16:41
0
Әйел адаммен бір шаңырақ астында тұрудың қиындығы неде? Мамандардың зерттеуі - Иллюстрациялық сурет © rudaw.net
Иллюстрациялық сурет © rudaw.net

Калифорния университетіндегі әлеуметтану ғылымының мамандары бір шаңырақ астындағы өмірді ерлерден гөрі әйелдердің қиындататынын анықтады. Зерттеушілер жүргізген сауалнама қорытындысы осындай болып отыр, - деп хабарлайды Daily Mail агенттігі American Sociological Review журналына сілтеме жасап. 

Зерттеуге қатысқан 1100 ер мен әйел бір шаңырақ астында тұрып жатқан туыстарымен қатынасы жайында баяндаған. Сауалнамаға қатысушылар әйелдерге қарағанда ер адамдар туыстарымен жақсы болатынын көрсеткен. Өйткені әйелдер эмоционалды болатындықтан, көбірек ашуланады екен. 

Жалпылай қатысушылардың 15 пайызы әйелдермен бірге өмір сүрудің қиындау екенін көрсеткен. Ал достарымен бірге тұру күрделі деп көрсеткендер 7 пайыз болды. 

2016 жылы америкалық статистик Натан Йау (Nathan Yau) АҚШ-та жиі кездесетін отбасылардың 50 түрін анықтаған. Оның қорытындысы бойынша, елдің жартысы балалары бар жұптар болса, қалғаны пәтерді бірге жалдайтын үш адам сияқты түсініксіздеу конфигурация өкілдері болып шыққан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай