06 ақпан 2014 12:19

Балтық теңізі түбінен "шведтердің Атлантидасы" табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көне жәдігердің бірі - ағаш діңгегі. Фото thelocal.se сайтынан алынды Көне жәдігердің бірі - ағаш діңгегі. Фото thelocal.se сайтынан алынды

Археологтар Швеция жағалауы маңынан, Балтық теңізі түбінен ежелгі заманның көне жәдігерлерін тауып алды. Сирек табылатын заттардың жасы - шамамен 11 мың жыл және көбісі жақсы сақталған. Содертон университетінің профессоры Бьорн Нильссон The Local басылымына берген сұхбатында ғалымдар қайбір кездері Скандинавия аумағында табылғандай ең ежелгі елді-мекенмен бетпе-бет келіп отыр деп мәлімдеген дейді Tengrinews.kz. Көне заттар арасында ағаштан және тастан жасалған қару, өткір сүйекті найза, балық аулауға қажетті жабдықтар, мүйіз, сонымен қатар жойылып кеткен турдың, яғни бүгінгі мүйізді ірі-қараның арғы тұқымы - алғашқы қауымдастық кезеңіндегі жабайы бұқаның сүйектері бар. Бұл көне дүниелер 16 метр тереңдікте ауа бармайтын шымтезекті лайлы қайырда жатқан. Кислородтың болмауы көне қонысты осы кезеңге дейін сол қалпында сақтап тұрған. Журналистер бұл олжаға "шведтердің Атлантидасы" деп атау беріп те үлгеріпті. Олар оны Платон шығармасында суреттелген, бір күнде теңіз жалмап кеткен аңыз арал-мемлекет - Атлантидаға ұқсатқан. Ал ғалымдар болса, бұл жағдайда Атлантида сөзін қолдану тым артықтау деп есептейді. Олар бағзы заманда шведтер көшпелі өмір салтын ұстанғанын айтады. Сондықтан табылған көне жәдігердің орнында бұрындары Атлантида сынды ежелгі өркениет түгілі, тұрақты елді-мекен де емес, тек уақытша қоныс тұрағы болған секілді. Қазіргі уақытта археологтар осы аумақта су асты зерттеулерін әлі де жалғасыртырып жатыр. Ғалымдар бұл арадан бағзы зиратты тауып алудан үмітті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети