Бейбітшілік саласындағы 2017 жылғы Нобель сыйлығы ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ICAN компаниясына берілді, - деп хабарлайды РИА Новости Нобель сыйлығының комитетіне сілтеме жасап.
Бейбітшілік саласындағы 2017 жылғы Нобель сыйлығы ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ICAN компаниясына берілді, - деп хабарлайды РИА Новости Нобель сыйлығының комитетіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, биыл Нобель сыйлығына 318 адам үміткер болды. Олардың 215-і - жеке тұлға, ал 103-і - қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері.
"Бұл өнертапқыш Альфред Нобель он тоғызыншы ғасырдың соңында қалдырып кеткен сыйлық. Жүлдені табыстау рәсімі 10 желтоқсанда өтеді", - деп жазады басылым.
2017 жылы әр Нобель сыйлығының сомасы - 1 миллион доллар.
Осыған дейін химия, физика және әдебиет салалары бойынша Нобель сыйлығының иегерлері жарияланған болатын.