БҒМ басшысы: Ешкім мұндай ставкамен жұмыс істегісі келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҒМ басшысы: Ешкім мұндай ставкамен жұмыс істегісі келмейді © Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ауыл мектептерінде білім алу мәселелерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ауыл мектептерінде білім алу мәселелерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл үлкен мәселе. Қазір баға мен бақылау ауырмашылығы көрініп жатыр. 2016 жылмен салыстырғанда бұл айырмашылық азайды. Бұрын көп еді. Бірақ мәселе шешімін тапқан жоқ. Бізде мектептердің 41 пайызы - азкешенді. Балаларға қажетті жағдай жасалмаған. Сондай-ақ, мұғалімдер жетіспеушілігі де бар. Кейбір мектептерде қазақ тілі пәнінінің мұғалімі химиядан, физикидан және ағылшын тілінен сабақ беріп жүр. Азкешенді мектептерде жалпы сағат саны 5 немесе 6 сағат. Ешкім мұндай ставкамен жұмыс істегісі келмейді. Біз қаржыландыру және жалақы мәселесін қарастырамыз", - деді министр. 

Осыған дейін, Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков оқушылардың орташа білім алу кезінде әр түрлі жағдай жасалуын атап өткен еді. 

"Қазақстанда ауылдағы мектептердің сапасы қаладағыларған қарағанда төмен. Соңғы ішкі бағаның нәтижелері көңіл көншітпейді. Сыныбы жоғарылаған сайын, айырмашылық көп. ҰБТ нәтижесі де қаладағылардікі ауыл оқушыларына қарағанда жоғары", - деді Асхат Аймағамбетов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети