23 қаңтар 2014 | 11:48

Билл Гейтс кедей елдердің жағдайы жақсаратындығын айтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Билл Гейтс Әлемдік банк бағамына сүйене отырып, әлемдегі бар деген 35 кедей елдің өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсаратындығын болжайды деп хабарлайды Bloomberg.com сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. Билл мен Мелинда Гейтс қорының жыл сайын жариялайтын хатында 2035 жылға қарай көптеген мемлекеттің өмір сүру жағдайы қазіргі Қытай деңгейіне тоқайласып қалады деп көрсетілген. Сондай-ақ онда тек Орталық Африка немесе Солтүстік Корея секілді бірқатар мемлекеттер аздап қиыншылыққа тап келеді делінеді. Билл Гейтс болжамында қазіргі Үндістанмен салыстырғанда әлемнің 90 пайыз елі бай қуатты өмір сүреді деп атап өтіледі. Қор жариялаған хатта әлемнің барлық мемлекеті орташа немесе одан да жоғары деңгейде өмір сүретін болады деп көрсетілген. Қазіргі кедей елдер жаңа технологияларды пайдалануда озық вакциналарға қол жеткізіп, ұрықты жақсартып, сандық төңкеріске ие болуда қарыштап дамуға мүмкіндік алады делінеді Билл Гейтс жолдауында. Миллардердің сөзіне қарағанда қазіргі кедейшілік туралы үш "аңыз" ақиқатпен нақтылана алмайды. Билл Гейтс кедей елдердің кедей боп қалатындығын, шетелдік көмекті далаға шашылған бос ақша деуді, сол секілді өмірді сақтап қалу халықтың жаппай қоныс аударуына түрткі болады деген пайымды жоққа шығарады. Миллиардер қайырымдылық шараларының арқасында 1988 жылдан бастап полиомелит эпидемиясына шалдыққан 125 мемлекеттің үшке дейін қысқарғанын баса айтады. Сондай-ақ Билл Гейтс 2035 жылға қарай әлемдегі кез келген мемлекет 1988 жылдарғы АҚШ немесе Ұлыбританиядағы бала өлімі көрсеткішінен әлдеқайда төмен статистикаға ие болатындығын пайымдайды. Бұл халықтың жаппай көшіп-қонуына әкеліп соқпайды дейді хат авторы. Балалардың көбісінің аман қалатындығына көзі жеткен ата-ана отбасы құрамын көбейтпеуге тырысады деп жазады қор хатында Мелинда Гейтс.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 495.34   523.31   4.94 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети