14 ақпан 2019 | 10:44

Биологтар Африкада қара пантераның тіршілік ететінін 100 жылдан аса уақытта бірінші рет дәлелдеді

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: Instagram/ Laikipia Wilderness © Фото: Instagram/ Laikipia Wilderness

Америкада Сан-Диего зообақ биологтары 100 жылдан кейін бірінші рет африкалық қара пантераны суретке түсірді, - деп хабарлайд РИА Новости CNN-ге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Америкада Сан-Диего зообақ биологтары 100 жылдан кейін бірінші рет африкалық қара пантераны суретке түсірді, - деп хабарлайд РИА Новости CNN-ге сілтеме жасап.

Сан-Диего зообағы мен кениялық Loisaba қорығының мамандарынан құрылған топ Лайкипиа мен Кения орталық округінде леопардтарды бақылау үшін өткен жылы камералар орнатқан. Себебі бұл жерлерде бұрын қара пантераның жүргені туралы ақпарат таралған.

Қара пантера өздігінен таралған түр емес, көбінесе олар қара түсті қабылан. Оның қара түсті болу себебі: ағзасындағы меланин пигментінің көптігінен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

A wild African black leopard... A dream come true! Link in bio to more photos #camtraptions #cameratrap #blackpanther

Публикация от Will Burrard-Lucas | Wildlife (@willbl)

"Біз камераларды жануарды көрдік дегендердің айтқан жерлеріне қойдық. Бірнеше айдан кейін біз қажет ақпарат алдық", - деді Сан-Диего зообағының қоршаған ортаны қорғау маманы Ник Пилфолд.

Оның айтуынша, адамдардың қара пантераны көргенін айтқанымен оның тірі екенінің нақты дәлелі 1909 жылы болған. Ол кезде жануарды Эфиопияда суретке түсірген.

"Меланизм әлем бойынша қабыландардың 11 пайызында бар, бірақ олардың көбі Азияның оңтүстік-шығысында тіршілік етеді. Қара пантера - Африка жерінде өте сирек кездеседі", - деді Пилфолд.   

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети