"Аспандау" ғылыми және білім беру қорының президенті Қанат Нұров "Профессиональный разговор" бағдарламасының студиясында.
Жаннат Ертілесова өзінің "Профессиональный разговор" бағдарламасында "Аспандау" ғылыми және білім беру қорының президенті Қанат Нұровпен бірге Қазақстандағы білім беруді басқарудың тиімді формалары мен әдістері жайлы талқылады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қанат Нұровтың айтуынша, бүгінде директор мектеп жұмысына жауап бере отырып, оның бюджетінің орындалуына ықпал ете алмайды, себебі, орталықтан қаржыландыру жүйесі бар. "Мысалы, маған бюджет берілді және мен сол бюджет шеңберінде оны бір баптан екінші бапқа ауыстырып отырамын. Бұл өте маңызды жайт. Неге мен бюджет параметрін бұзбай-ақ оны еркін басқара алмаймын?", - дейді бағдарлама қонағы. Дегенмен Нұров мырза білім берудің орталықтандырылған жүйесіне қарсы емес. "Функциялар бойынша да, деңгейлер бойынша да ішкі бақылау жүйесі бар. Мысалы, ақшаны пайдаланушы адамның оны бақылауға құқығы жоқ және керісінше. Ал бізде қаржыны бақылайтын адам оны өзі жұмсайды да, кейін жұмсау деңгейіндегі ешнәрсеге ықпал ете алмайтын адамдарды жауап беруге шақырады", - дейді "Аспандау" қорының басшысы. Білім беру жүйесін дамытудағы шетелдік тәжірибе мен әлемдік үрдістер жайлы толығырақ бағдарламаның өзінен тыңдай аласыздар. "Профессиональный разговор" бағдарламасы бүгін сағат 20.30-да - "СТВ" телеарнасының эфирінде.
Жаннат Ертілесова өзінің "Профессиональный разговор" бағдарламасында "Аспандау" ғылыми және білім беру қорының президенті Қанат Нұровпен бірге Қазақстандағы білім беруді басқарудың тиімді формалары мен әдістері жайлы талқылады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қанат Нұровтың айтуынша, бүгінде директор мектеп жұмысына жауап бере отырып, оның бюджетінің орындалуына ықпал ете алмайды, себебі, орталықтан қаржыландыру жүйесі бар. "Мысалы, маған бюджет берілді және мен сол бюджет шеңберінде оны бір баптан екінші бапқа ауыстырып отырамын. Бұл өте маңызды жайт. Неге мен бюджет параметрін бұзбай-ақ оны еркін басқара алмаймын?", - дейді бағдарлама қонағы.
Дегенмен Нұров мырза білім берудің орталықтандырылған жүйесіне қарсы емес. "Функциялар бойынша да, деңгейлер бойынша да ішкі бақылау жүйесі бар. Мысалы, ақшаны пайдаланушы адамның оны бақылауға құқығы жоқ және керісінше. Ал бізде қаржыны бақылайтын адам оны өзі жұмсайды да, кейін жұмсау деңгейіндегі ешнәрсеге ықпал ете алмайтын адамдарды жауап беруге шақырады", - дейді "Аспандау" қорының басшысы.
Білім беру жүйесін дамытудағы шетелдік тәжірибе мен әлемдік үрдістер жайлы толығырақ бағдарламаның өзінен тыңдай аласыздар. "Профессиональный разговор" бағдарламасы бүгін сағат 20.30-да - "СТВ" телеарнасының эфирінде.