©Нұрғиса Елеубеков
Наурыздың 3-і күні "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша құжат қабылдау науқаны басталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Білім және ғылым министрлігі жанындағы "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығметов хабарлағандай, құжат қабылдау науқаны наурыздың 3-і күні басталып, мамырдың аяғына дейін жалғасады. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы аталған бағдарлама бойынша екі конкурсты өткізу көзделіп отыр. Айта кеткен жөн, бүгінде "Болашақ" халықаралық бағдарламасы аясында бакалавриатқа емес, магистратураға негізгі басымдық беріледі. Соның арқасында жоғары оқу орындарының оқытушылары шетелдің жетекші университеттерінде өз білімдерін шыңдай алады. Жалпы, осы уақытқа дейін "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы 33 елдің 209 жоғары оқу орнымен әріптестік байланыстар орнатқан. Қазір шетелде 2 мыңға жуық қазақстандық азамат оқиды. Биыл тағы 1100 стипендияны бөлінбек.
Наурыздың 3-і күні "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша құжат қабылдау науқаны басталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Білім және ғылым министрлігі жанындағы "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығметов хабарлағандай, құжат қабылдау науқаны наурыздың 3-і күні басталып, мамырдың аяғына дейін жалғасады. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы аталған бағдарлама бойынша екі конкурсты өткізу көзделіп отыр. Айта кеткен жөн, бүгінде "Болашақ" халықаралық бағдарламасы аясында бакалавриатқа емес, магистратураға негізгі басымдық беріледі. Соның арқасында жоғары оқу орындарының оқытушылары шетелдің жетекші университеттерінде өз білімдерін шыңдай алады.
Жалпы, осы уақытқа дейін "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы 33 елдің 209 жоғары оқу орнымен әріптестік байланыстар орнатқан. Қазір шетелде 2 мыңға жуық қазақстандық азамат оқиды. Биыл тағы 1100 стипендияны бөлінбек.