2016 жылдан бастап талапкерлер педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түсу үшін шығармашылық емтихан тапсырады, - деп хабарлады ведомствоның жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжанов ҚР БҒМ-ның алқа отырысында. Бұл туралы strategy2050.kz сайты хабарлады.

"Педагогикалық мамандықтар бойынша сапалы қабылдау жүргізу мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап оқуға түсу бойынша емтихандар тәртібі өзгереді және шығармашылық емтихан енгізіледі. Қазіргі таңда министрлік жұмыс тобын құрап жатыр", - деді Рахымжанов.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Нұрғали Аршабековтың пайымынша үміткерлерді іріктеуде - бастысы балалармен жұмыс істеуге бейімділігі.
"Талапкердің ұстаз атануға бойынша барлық қажетті қабілеті болуы тиіс, ол еркін сөйлей алуы керек және физиологиялық түр келбетіде мықты болғаны жөн. Біз оның бірыңғай шығармашылық емтихан болсын деп ұсынып отырмыз. Біз арнайы комиссияның болғанын қалаймыз, бірақ университтерден емес. Себебі бүгінде еліміздегі 70 ЖОО мұғалімдерді дайындайды", - деді Аршабеков.
Жалпы, шығармашылық емтихан кескінге келтіретін бастапқы сынақ болып табылады. Шығармашылық емтиханның мақсаты - болашақта абитуриенттің педагог қызметіне дайындығын тексеру. Бұл норма қызметтің осы түрін іске асыру үшін бейімділігі бар педагогикалық мамандықтарда мұғалім абырайын жоғарылатудың және абитуриенттерді таңдаудың негізгі қағидаларын қамтиды.