"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Болашақ" халықаралық стипендиясы мен ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша грант иегерлері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі стипендияның ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Болашақ" халықаралық стипендиясы мен ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша грант иегерлері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі стипендияның ресми сайтына сілтеме жасап.

182 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды, оның ішінде 149 адам магистратурада, жетеуі – әлемнің үздік университеттерінің докторантурасында, 26 қазақстандық жетекші университеттер мен өндірістік орталықтарға тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Сондай-ақ, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша, 328 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант иегері атанды. Отандық ғалымдар машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен, медицина және басқа да салалардағы зерттеулермен айналысады.

Биыл "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау төрт кезең бойынша жүргізіледі. Үшінші кезең 7 шілдеге дейін жалғасады. 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында "Болашақ" стипендиясына үміткерлердің кезекті легі өтеді.

Ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 28 тамызы мен 13 қазаны аралығында жалғасады.

"Болашақ" стипендиаттарының тізімін мына жерден таба аласыз.

Ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша грант иегерлерінің тізімі мына жерде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети