Алдағы уақытта "Болашақ" стипендиясының иегерлеріне тіл үйретуге Британдық Кеңес атсалысатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы еліміздің Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалымен өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында мәлім болды. Аталмыш отырыс барысында Республикалық комиссияның тапсырмаларын орындау, "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау және одан айыру мәселелері талқыланып, азаматтардың өтініштері қаралды.
"Атап айтсақ, тіл үйрету курстарын жаңа үлгі бойынша іске асыру тұжырымдамасының жобасы қаралды. Стипендия иегерлеріне тіл үйретіп, даярлаудың ұзақтығы 3 айдан 6 айға дейін болатын екі кезеңде жүргізіледі. Тіл үйретуді техникалық-ұйымдастыру және оқу-әдістемелік мәселелерін шешу үшін шетелдік серіктес ретінде Британдық Кеңес тартылады" - делінген хабарламада.
Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды. 338 адам "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды.