Болгарияда вампирдің моласы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болгарияда вампирдің моласы табылды ©Rex

Болгариялық археолог Николай Овчаров елдің оңтүстігінен вампирдің моласын тапты, - деп жазады Metro.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болгариялық археолог Николай Овчаров елдің оңтүстігінен вампирдің моласын тапты, - деп жазады Metro.

Профессордың айтуынша, мола Болгарияның Грекиямен шектесетін оңтүстік бөлігіндегі көне фракиялық қала - Перпериконның орнын қазған кезде табылды. Қабірде темір істік қадалған адамның қаңқасы жатты. Оның сол жақ аяғының тізеден төмен бөлігі денеден ажыратылған.

Ғалымдар қаңқа 40-50 жас аралығындағы ер адамға тиесілі болған деген тұжырым жасады. Овчаровтың айтуынша, сүйек ХІІІ ғасырдың алғашқы жартысында жерленген - вампирлер туралы аңыздар да осы кезеңде туған болатын.

Еске сала кетейік, мұндай қорымдар Болгарияда бірінші рет табылып отырған жоқ. 2012 жылы Созополь (Перпериконнан шығысқа қарай 200 мильде) қаласының аумағынан кеудесіне темір істік қадалған екі қаңқа табылған еді. Қаңқаның бірі ер адамдікі, екіншісі әйел адамдікі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.71  course down  593.07  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети