Бір уақытта бірнеше функция орындайтын адамның жады нашарлайды - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір уақытта бірнеше функция орындайтын адамның жады нашарлайды - зерттеу © ferra.ru

Америкалық зерттеушілер мультимедианың бірнеше түрін бір уақытта қолдану, жадтың жұмысына кері әсер ететінін анықтады. Оған мысал ретінде теледидар көріп отырғанда ноутбук пайдалану, әлеуметтік желіні қарауды жатқызуға болады, - деп хабарлайды Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық зерттеушілер мультимедианың бірнеше түрін бір уақытта қолдану, жадтың жұмысына кері әсер ететінін анықтады. Оған мысал ретінде теледидар көріп отырғанда ноутбук пайдалану, әлеуметтік желіні қарауды жатқызуға болады, - деп хабарлайды Daily Mail.

Зерттеу 18 бен 26 жас аралығындағы 80 адамнан тұратын топ ішінде жүргізілді. Әр адам компьютер экранындағы қалпақ, таба, білезіктердің суреттерін бақылау керек болған. 10 минуттық үзілістен кейін қатысушылар басқа суреттерге қарап, оларды бірнеше талап бойынша бағалаған, мысалы, олар бірінші кезеңдегі объектілерге қарағанда жағымды ма, үлкенірек немесе кішірек пе және бұрын осындай нысандарды көрген бе.

Зерттеуге қатысушылардың медиа үшін қаншалықты жан-жақты екендері анықталды. Тексеру барысында қолардың ми толқыны және көз қарашығы өлшенді. Психологияда бұл көрсеткіштер әдетте есте сақтау мен зейінді өлшеу үшін қолданылады.

Психологтар бір уақытта көптеген функция орындайтын адамдарда нақты бір өткен оқиғаларды есте сақтау қабілеті тек бір функцияны орындайтын адамдармен салыстырғанда әлдеқайда әлсіз болатынын атап өтті.

Содан кейін ғалымдар әртүрлі адам жадының өнімділігін салыстырып, назар аудару қабілеті төмен адамдар жад тапсырмаларын нашар орындайтынын анықтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети