COVID-19-ға қарсы белсенді лактобактериялардың штамы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19-ға қарсы белсенді лактобактериялардың штамы анықталды Фото: pixabay.com

"Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығы мен Блохина атындағы Төменгі Новгород институтының мамандары коронавирус инфекциясына қарсы белсенді лактобацилл штамын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығы мен Блохина атындағы Төменгі Новгород институтының мамандары коронавирус инфекциясына қарсы белсенді лактобацилл штамын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Роспотребнадзор сайтында мамандар шошқа тұмауына, H5N6 құс тұмауы вирусының штамына және коронавирусқа қарсы авторлық пробиотиктердің құрамына кіретін лакто және бифидобактериялардың алты штамының вирусқа қарсы белсенділігін зерттегені жазылған. 

"Лактобацилдің пробиотикалық штамдары мен бифидобактериялардың бір штамы тұмау вирусына қарсы белсенді екені анықталды, ал лактобацилл штамдарының бірі SARS-CoV-2 вирусына қарсы белсенді болып шықты", - делінген хабарламада.

Зерттеу нәтижелері Biomed Research International шетелдік ғылыми журналында жарияланған ғылыми мақалада жазылған. 

Бұған дейін Израильдің Хайфа қаласындағы Рамбам клиникасында бағаналық жасушалар қолданыла отырып COVID-қа қарсы жаңа препаратты сынаудың алғашқы кезеңі сәтті аяқталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети