COVID-19 қайтара жұқтырудың ғылыми дәлелденген алғашқы жағдайы тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19 қайтара жұқтырудың ғылыми дәлелденген алғашқы жағдайы тіркелді Фото: Тұрар Қазанғапов

Гонконг университетінің (HKU) зерттеушілері қайтадан COVID-19 жұқтыру жағдайының расталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 


Гонконг университетінің (HKU) зерттеушілері қайтадан COVID-19 жұқтыру жағдайының расталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Университет мәлімдемесінде IT саласындағы 33 жастағы жұмысшының COVID-19 жұқтырып, кейін емделгені, сәуірде ауруханадан шыққаны айтылған. Алайда Испаниядан оралғаннан кейін тамыздың басында қайтадан коронавирустың бар-жоғына тест тапсырғаны, салдарында оның қорытындысы оң болып шыққаны хабарланған.

Бастапқыда дәрігерлер мұның коронавирусты қайта жұқтыру дерегі ме, әлде вирус осы уақыт бойы адам ағзасында болды ма деген сұрақтарға жауап іздеген. Бірақ, HKU зерттеушілері генетикалық скандаудан науқастан сәуірде анықталған вирус штаммы мен тамызда анықталғаны екі бөлек болып шыққанын айтып отыр.

Бұл - COVID-19 қайтара жұқтырудың ғылыми дәлелденген алғашқы жағдайы.

"Көп адам емделіп шыққаннан кейін қайта жұқтырудан қорғайтын иммунитетім бар деп есептейді, себебі көпшілігінде вирусты қауіпсіз ететін антидене пайда болады. Алайда кей науқаста антидене құрамы бірнеше айдан кейін әлсірейтініне дәлел табылды", - делінген зерттеуде.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.23  course up  574.22  course up  6.3  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети