COVID-19 ресейлік вакцина салдарынан мутациялануы мүмкін - ғалымдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19 ресейлік вакцина салдарынан мутациялануы мүмкін - ғалымдар © Reuters

Коронавирус клиникалық сынақтың үшінші фазасынан өтпеген ресейлік вакцинадан мутациялануы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігіне ғалымдар мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус клиникалық сынақтың үшінші фазасынан өтпеген ресейлік вакцинадан мутациялануы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігіне ғалымдар мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вирусологтар Ресейдің "Спутник V" вакцинасын оның коронавирусқа қарсы толық әсерін анықтағанға дейін қолдану туралы жоспарына алаңдаулы. Сарапшылар вакцина біртіндеп вирустың мутациялануына әкеп соғуы мүмкін екенін айтады. 

"Вакцина тиімді екеніне көз жеткізсек дейміз. Біз оны шын мәнінде білмейміз", - дейді АҚШ-тағы Вандербильт университетінің Медциналық мектебінің педиатрия профессоры және вакциналар бойынша сарапшысы Кэтрин Эдвардс. 

Оның айтуынша, вакцинаның вирусқа қарсы әсері, оны бұғаттауы немесе үйренісіп кетуі әсері "үнемі алаңдаушылық туғызады".

"Әсер етпейтін вакцинаны қолданудың түрлі ықтимал тәуекелі болады. Вирус мутацияланады деген тәуекел - теориялық тәуекел", - дейді Бостондағы Медициналық орталықтың маманы Дэн Барух. 

"Спутника V" вакцинасын дайындағандар ол қауіпсіз екенін және екі ай клиникалық сынақ оның тиімді екенін дәлелдегенін айтады. 

Алайда зерттеу нәтижесі жарияланбағандықтан көптеген батыс ғалымы оған күмәнмен қараған.  

Ресейлік вакцина туралы не белгілі және ол қаншалықты сенімді?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети