31 қаңтар 2014 | 16:52

Curiosity марскезгіші НЛО-ны суретке түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

NASA суреті NASA суреті

Curiosity марскезгіші (марсоход) Қызыл ғаламшар әуесіндегі беймәлім нысанды суретке түсіріп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz NASA ғарыш агенттігінің сайтына сілтеме жасап. Сурет таспасын ұлғайтқанда нысанның қозғалыс барысында түсірілгендігі анық көрінеді. Әуе кеңістігі сызбасына қарасақ, нысан ғаламшарға қарай келе жатпаған, керісінше одан ұшып кетіп бара жатқан. Бұл Curiosity таспасы объектісіне қарапайым метеорит ілінуі мүмкін деген болжамды жоққа шығарады. Ал ғалымдардың өздері әзірге беймәлім ұшу нысанының (НЛО) пайда болуына байланысты ешқандай түсініктеме бермей отыр. Бүгінгі таңда Қызыл ғаламшарда NASA-ның екі марскезгіші жұмыс істейді: Opportunity (2004 жылдан бері қарай) және Curiosity (2012 жылдың 6 тамызынан бастап). Қос аппарат та Марстың ландшафты мен геологиясын зерттейді, сөйтіп осы негізде алынған мәліметтерін Жерге жолдап отырады. Аталған мәліметтер негізінде ғалымдар шалғай жатқан ғаламшарда бұрындары тіршілік болды ма деген сауалға жауап табуға тырысады. Марстан алынған фото және бейнематериалдардан астрономияны қызықтаушылар әрдайым қайдан пайда болғанын түсіндіру қиын біртүрлі заттарды анықтап жатады. Олардың арасында қайдан келгені белгісіз тас, тас мүсін, неміс солдатының каскасы, полиэтилен жылтырдың жыртығы, "марс гүлі" және тағы басқалары да бар.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети