02 ақпан 2018 10:41

Дәрігерлер емі жоқ қатерлі ісікпен күресетін жол тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sagiv-Barfi et al / Science Translational Medicine © Sagiv-Barfi et al / Science Translational Medicine

Стэнфорд университетінің ғалымдары емі жоқ метастазалы обырға шалдыққан тышқандардың қатерлі ісігін жоя алды. Ол үшін зерттеушілер қатерлі ісікке иммунитетті қозғаушы дәрмектер еккен. Зерттеу қорытындысы MedicalXpress сайтында жарияланды. 


Стэнфорд университетінің ғалымдары емі жоқ метастазалы обырға шалдыққан тышқандардың қатерлі ісігін жоя алды. Ол үшін зерттеушілер қатерлі ісікке иммунитетті қозғаушы дәрмектер еккен. Зерттеу қорытындысы MedicalXpress сайтында жарияланды. 

Т-лимфоциттер - иммунды жасушалар - белгілі бір антигендері бар, соның ішінде қатерлі ісік жасушаларын да танып, оған шабуыл жасайды. Алайда уақыт өте қатерлі ісік мұндай екпеге де қарсы тұра алатын болады екен. Осы кезде дәрігерлер қарсы тұра алатын қатерлі ісікке қарсы гидридті ақуыздарды қолданады. Олардың көмегі арқылы лифоциттер бағдарламасы жаңарып, олар нәтижелілігін арттырады. Дегенмен мұндай жолдың кемшілігі де бар. Мұндай процесс өте қымбат және жанама зиян келтіруі мүмкін. 

Осылайша, ғалымдар қатерлі ісікпен ғана күресетін Т-жасушаларды өсіре алатын болды. Кейін бұл жасушалар қатерлі ісіктен шығып, басқа жақтарға да тарай алады. Осы арқылы олар өзге де мүшелердегі метастаза тудыруы мүмкін жасушалармен күреседі. Мәселен сүт безінің обырына шалдыққан тышқандар жасалған екпе олардың қатерлі ісігін кішірейтіп қана қоймай, екпе салынбаған ісіктермен де күрескен. Бұл кеміргіштердің өмірін айтарлықтай ұзартуға көмектескен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети