Қазіргі уақытта 130 жоғары оқу орны мен 850 колледжде 1 миллионнан астам студент білім алуда, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта 130 жоғары оқу орны мен 850 колледжде 1 миллионнан астам студент білім алуда, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.
Білім министрінің айтуынша, елімізде жыл сайын 300 мыңнан астам адам еңбек нарығына жол тартады. Олардың ішінде 80 пайызы жоғары оқу орындарынан кейін, 70 пайызы колледжден кейін кәсіптері бойынша алғашқы жылы жұмысқа орналасады екен.
"Соңғы үш жылда техникалық және кәсіптік білім беруге арналған бюджет қаражаты 2 есеге дейін ұлғайды. Колледждердегі шеберханаларды жабдықтауға арналған қаражат 6 есеге өсті. Заманауи оқу орындары мен жаңа басқару модельдері құрылуда. Нәтижесінде бітірушілерді мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру көрсеткіші 10 пайызға көбейді. Жоғары білім беру жүйесінде екі жылдың ішінде қаржыландыру бөлімі жиырма пайызға артты. ЖОО желісін оңтайландыру барысында олардың саны 16-ға азайды", - деді ол ҚР Парламент Мәжілісінде өткен тыңдауда.
Жалпы, былтырғы жылы Қазақстанда тоғыз жоғары оқу орны халықаралық рейтингтерге кірген. Сонымен қатар, ЖОО ғылымын қаржыландыру көлемі 7 еседен асып, кәсіптік білім беру экономика үшін өзінің негізгі міндеттерін орындап отыр.
"Жақын уақыттары министрлік жоғары оқу орындарының тізімін жариялап, талапкерлердің дұрыс шешім жасауына мүмкіндік тудырмақ. Бұл жерде айта кететіні, студенттер ол оқу орнын бітіргенше жабылып қалмайтынына Білім министрлігі кепілдік бермейді", - деді Аслан Сәріжіпов.
Қазір министрліктің алдында тұрған басты мінде қазір сапасыз болып саналатын оқу орындарын оңтайландыру болып отыр. Мәселен, былтыр 10 ЖОО материалы сотқа жолданып, қазір олардың шешімі күтілуде. Тіпті, 5 ЖОО сот шешімі бойынша лицензиясынан айрылған.
"Диплом беретін фабрикаларды" оңтайландыру жұмысы әлі де жалғасады", - деді министр.