Экономика бойынша Нобель сыйлығы иегерлері анықталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экономика бойынша Нобель сыйлығы иегерлері анықталды Сурет:nobelprize.org

Экономистер Джошуа Ангрист, Гвидо Имбенс және Дэвид Кард экономика бойынша Нобель сыйлығы иегерлері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экономистер Джошуа Ангрист, Гвидо Имбенс және Дэвид Кард экономика бойынша Нобель сыйлығы иегерлері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Швеция Корольдік Ғылым академиясының мәліметінше, Канадалық Кард "Еңбек экономикасына эмпирикалық үлесі үшін" Нобель сыйлығын алды. АҚШ азаматтары Ангрист пен Имбенс те "Себеп-салдарлық қатынасты талдауда әдістеме ұсынғаны үшін" алды.

Агенттік марапат иегерлері туралы хабарландыру Стокгольмнен тікелей эфирде көрсетілгенін атап өтті.

2020 жылы америкалық Пол Р.Милгром мен Роберт Б.Уилсон аукционның жаңа нұсқасын ойлап тапқаны үшін марапатқа ие болды.

Нобель сыйлығы - ғылыми зерттеулерге, революциялық өнертабыстарға немесе мәдениет пен қоғамға қосқан үлесі үшін жыл сайын берілетін ең беделді халықаралық сыйлықтардың бірі. Бұл сыйлық биылғы соңғы Нобель сыйлығы және жеңімпаздарға 10 миллион швед кроны (1,14 миллион доллар) беріледі.

Бұған дейін әдебиет, физика, химия және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы иегерлері анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети