Елбасы Қазақстанда ГМО-ны дамытуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Қазақстанда ГМО-ны дамытуды тапсырды Фото: Марат Абилов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халқына Жолдауында үкіметке құрғақшылыққа төзімді және гендік өзгерістегі өсімдік мәдениеті тәжірибелерін енгізуді тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бізге аграрлық ғылымды дамытып, сынамалы агроинновациялық кластер құру маңызды. Уақыттан қалыс қалуға болмайды, сондықтан табиғи азық-түлік өндірісімен қатар құрғақшылыққа төзімді және гендік модификацияланған өсімдіктер өсірумен де шұғылдану керек. Адамдар білмейтін нәрсесінен қорқады. Онда тұрған дәнеме жоқ. Гендік өзгеріске ұшыраған азық-түлік мәдениеті бүкіл әлемге күрт кеңінен тарайды, өйткені бүгіннің сұранысы сондай, тағы бір жағынан ол жеуге келмейтін нәрсе емес" деп мәлімдейді Президент. Елбасы агрохимикаттарды тиімді пайдалану, құрғақшылыққа бейім аймақтарда соны озық технологияларды қолдану аясын кеңейту бойынша кешенді шаралар қабылдау керектігін айтады. "Жасыл экономикаға өту жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егістік алқабымыздың 15 пайызы су үнемдегіш технологияға көшуі керек, оны бүкіл әлем әлдеқашан сынақтан өткізіп қойған" деп атап өтті Мемлекет басшысы. Осы тапсырмаға байланысты Президент үкіметке агроөндіріс кешенін дамыту жоспарына өзгерістер енгізуді ұсынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети