01 қараша 2019 | 10:59

Елімізде жемқорлық жайлаған ЖОО-лар тізімі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Jas Otan сыбайлас жемқорлық бойынша көзге түскен жоғары оқу орындарының рейтингін жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Jas Otan сыбайлас жемқорлық бойынша көзге түскен жоғары оқу орындарының рейтингін жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда «Таза сессия» жалпыхалықтық акциясының аралық нәтижелері талқыланды. Jas Otan жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек акцияның қорытындылары туралы хабарлады.

Сонымен, Jas Otan белсенділері Қазақстанның барлық аймақтарындағы 15 мыңға жуық студент арасында анонимді сауалнама жүргізді. Студенттердің 12,8 пайызжоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар деп көрсеткен. Демек, сауалнамаға қатысқан әрбір 8 студент білім ордаларында сыбайлас жемқорлықтың бар екендігін растайды және әрбір 12 студенттің пара бергені айқындалды. Сондай-ақ, университеттерде емтихан тапсырып, диссертация қорғағаннан кейін дастарқан жаю және сыйлықтар беру тағы басқарсы дәстүрге айналған.

Сауалнама негізінде студенттер жемқорлық фактілері орын алады деп көрсеткен бес ЖОО рейтингі жасалды:

1. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;

2. Атырау мұнай газ университеті;

3. Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті;

4. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті; 

5. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети