Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Аманжолова ағылшын тілінде тест тапсыратын түлектердің саны былтырғыға қарағанда биыл көп екенін айтты, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".
Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Аманжолова ағылшын тілінде тест тапсыратын түлектердің саны былтырғыға қарағанда биыл көп екенін айтты, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".
Маусым айындағы тестілеу кезеңіне қатысатын талапкерлердің 4324-і қазақ тілінде, 854-і орыс тілінде, 11-і ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдірген.
"Биыл сынақты ағылшын тілінде тапсыратындардың саны артты. Былтыр бұл көрсеткіштен аздау болған. Көп жағдайда 21-ші гимназия мен 9-шы мектептің оқушыларынан өтініш түседі", - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ұлттық бірыңғай тестілеу сегіз ауданда өтіп жатыр.