Ең үлкен динозаврдың сүйегі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ең үлкен динозаврдың сүйегі табылды Сурет bbc.com сайтынан алынған

"Аргентинада динозаврдың тасқа айналған сүйектері табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жер бетінде тіршілік еткен динозаврлардың ең үлкені" деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC ақпарат құралына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Аргентинада динозаврдың тасқа айналған сүйектері табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жер бетінде тіршілік еткен динозаврлардың ең үлкені" деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC ақпарат құралына сілтеме жасап.

Жамбас сүйектеріне қарағанда, оның ұзындығы 40 метр, бойы 20 мертдей болған. Ал салмағы 77 тонна, бұл төрт африкалық пілдің салмағына тең. "Сүйектердің мөлшерін білген соң, бұл жер бетінде тіршілік еткен ең үлкен жануар деген тоқтамға келдік" дейді сұхбат барысында палеонтологтар.

Кесіртке сүйектерін Аргентинаның Трелью қаласының батысында 250 шақырым қашық жерден жергілікті фермер тапқан. Палеонтологтар ол жерден жануардың 150-дей сүйегін қазып алған. Ғалымдардың айтуына қарағанда, сүйектер жақсы сақталған. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл өсімдікпен қоректенетін, бор дәуірінде тіршілік еткен титанозаврдың бір түрі. Бейнежазбасы осы жерде.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети