Эпидемиологтар "адамзат пандемия дәуіріне өтіп жатқанын" ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эпидемиологтар "адамзат пандемия дәуіріне өтіп жатқанын" ескертті © Reuters

Адамзат пандемия дәуіріне өтті, дүние жүзін жаулап алған коронавирус алдағы індеттердің тек алғашқысы болуы мүмкін. Бұл туралы америкалық ғалымдар - АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи мен эпидемиолог Дэвид Моренс мәлімдеді, - деп хабарлайды BuzzFeed

Cell журналындағы мақалада сарапшылар алдағы жылдары пандемияның қарқыны үдеуі мүмкін екенін болжаған. Ал аурудың тарауының негізгі себебі - ормандарды кесу, қалалардың көптігі мен жабайы жануарларды сату болуы мүмкін.

"Мен көріпкел емеспін, бірақ біз бақылап отырған жағдай пандемияның үдеп жатқанын аңғартады", - дейді Моренс.

Моренс пен Фаучидің сөзінше, адамдар эпидемияны төтенше жағдай енгізу арқылы емес, өмір сүру стилін өзгерту арқылы жеңе алады.  

Энтони Фаучи. © Business Insider

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 4 қыркүйекте дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 26 344 473-ке жеткен, қайтыс болғандардың саны - 869 569. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети