Ескендір Зұлқарнайынның өлім себебі аталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Александр Македонскийдің Сидон саркофагынан жаслаған Геракл дулығысын киген көрінісі Александр Македонскийдің Сидон саркофагынан жаслаған Геракл дулығысын киген көрінісі

Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) өлімінің себебі бұрын саналып келгендей безгек, іш сүзегі немесе пневмония емес, панкреонекроз болған. Грекиядағы Аристотель университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) өлімінің себебі бұрын саналып келгендей безгек, іш сүзегі немесе пневмония емес, панкреонекроз болған. Грекиядағы Аристотель университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды РИА Новости.

1995 жылы басталған зерттеу барысында мамандар ежелгі тарихшылар сипаттаған Македонский патшаның соңғы күндері мен аурудың симптомдарын мұқият талдаған. Бұл жайлы Greek Reporter жергілікті басылымы жазған.

Зерттеу авторы, медицинаның құрметті профессоры, доктор Томас Герасимидистің айтуынша, Александрдың өлімінің себебі өткір панкреонекроз салдарынан болған ауыр сепсис болған. Бұл ауру, өз кезегінде, өт-тас ауруы, сондай-ақ қолбасшының ауыр тағам мен алкогольге құмарлығы салдарынан асқынған, деп есептейді профессор.

"Симптомдардың басталуы қатты тамақ пен шараптан кейін іштің ауыруы, қызудың көтерілуші және 14 күн ішінде күн сайын үдемелі нашарлауы сипатталды", - делінген зерттеуде. Профессор басқа себептерді осылайша жоққа шығарып отыр.

Айта кетейік, Ескендір Зұлқарнайын немесе ІІІ Ұлы Александр - Аргеадтар әулетінен шыққан біздің заманымыздан бұрынғы 336 жылдан бастап Ежелгі Македонияның патшасы, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі. Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында "Қазығұрт: аңыз бен ақиқат" атты кітапта жазылған.

Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, "Македониялық" деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн ("Қос мүйізді") аталыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer