Әзірбайжан ғалымы Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" есімі Сыңлы деп есептейді, бұл туралы "Эхо" басылымы жазады. Еске сала кетейік, "Алтын адам" аталып кеткен сақ жауынгерінің немесе көсемінің сүйегі Есік өзенінің жағасынан 1969 жылы табылған болатын.
Әзірбайжан ғалымы Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" есімі Сыңлы деп есептейді, бұл туралы "Эхо" басылымы жазады. Еске сала кетейік, "Алтын адам" аталып кеткен сақ жауынгерінің немесе көсемінің сүйегі Есік өзенінің жағасынан 1969 жылы табылған болатын.
Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы Археология және этнография институтының қызметкері Заур Гасанов қорғаннан табылған күміс ыдыстағы жазуды зерттегеннен кейін "Алтын адамның" есімі туралы қорытындыға келді. "Есік қорғанынан алынған заттағы руна жазуына Орхон-Енисей таяушығыстық таңбалары фонетикасы негізінде талдау жасау оның түркі тілінен шыққанын көрсетті. Түпнұсқада "Dört bul küz Sınglıyı ır - "Dünyanın dörd (küncü) tərəfindəki tayfalar Sınqlıya nəğmə qoşur", Uş yüz yığ anta ıçır - "Üç yüz ağlar gözlü and içir" деп жазылған. Аудармасы: "Дүниенің төрт бұрышынан Сыңлы тайпасы жырлайды. Үш жүз жоқтаушы ант-су ішеді". Біз бұл жазудың мағынасы осыны білдіретініне айғақ болатын Геродот еңбектері мен "Қытайдың Хань династиясы тарихын" қосқанда бірқатар грамматикалық, тарихи, әдеби куәліктер таптық", - дейді ол.
Гасановтың айтуынша, "Алтын адамның" Сыңлы деген мәртебесі хунну императорына тиесілі әйгілі құдіретті қылыш - "Чинг-лу" атауына сәйкес келеді. Ғалым қытай мен грек деректеріне сүйене отырып, хуннулардың "Чинг-лудың" немесе Сыңлының құрметіне биік жердегі төртбұрышты алаңдарға темір қылыш пішінінде храмдар тұрғызғанын айтады. "Алтын адам" табылған қорғандағы жазуда көсемнің төңірегіндегі тайпалар 4 цифрымен көрсетілген. Сонымен қатар, тайпалық одақ өкілдері үш жүзге бөлінген. Ал "ант-су ішу" деген сақтардың қан мен шарапты араластырып, оған қаруды салып тұрып келісім бекіту салтын білдіреді", - дейді ғалым.
Тарихшының айтуынша, "Алтын адам" өздерін құз деп атаған тайпаға тиесілі. "Парсылар сақтарды өздеріне анағұрлым жақын скиф тайпаларының атауы бойынша атаған. Орыс ғылымында да сақтар скифтер делінеді. Бірақ мен көне грек мәтіндерінде скиф деген сөздің кездеспейтінін анықтадым. Бұл - орыстардың бұрмаланған нұсқасы. Грек дереккөздерінде скифтер құздар делінеді. Ассирия және Вавилон жазбаларында да скифтер іш-құз және аш-ғұз деп аталады. Көріп тұрғанымыздай, бұл тайпа атауындағы түбір сөз - ғұз. Есік жазбасын ашу Есік тайпаларының өз-өздерін "құз" деп атағанын көрсетті. Бұл атаулардың бәрі "оғыз" атауына сәйкес келеді", - дейді ғалым.