Journal of Propulsion and Power ғылыми журналы EmDrive атты қозғалтқыш жайлы мақала жариялады. Айта кетейік, барлық физика заңының аясында EmDrive қозғалтқышы жайлы осы уақытқа дейін түсініксіз болып келген еді. Сондықтан жарияланған мақалаға сарапшылар өз пікірлерін білдірді, - деп жазады Lenta.ru.

Жалпы бұл қозғалтқыш магнетроннан, өндіруші микротолқындардан және тербеліс уақытында энергияны сақтайтын резонатордан, яғни дыбысты күшейтетін құралдан тұрады. Ал түрі бір жақ шетінен тұрған шелекке ұқсайды. Инженерлердің айтуынша, қозғалтқыштың мұндай құрылымы күшті түрлендіруге көмектеседі. Сондай-ақ, қозғалтқышты құрастырушылардың айтуынша, бұл ғылыми жаңалық отынсыз-ақ жұмыс істей алады.
Сондай-ақ, мақалада EmDrive қозғалтқышының вакуумдағы тарту күші 1,2 миллиньютон екені айтылады.
Айта кетейік, жарияланған мақала авторлары Гарольд Уайт, Пол Марч, Джеймс Лоуренс, Джерри Вера, Андре Сильвестр, Дэвид Брэйди мен Пол Бэйли Линдон Джонсон атындағы Ғарыш орталығында (NASA) жұмыс істейді екен. Басылымның мәліметінше, қозғалтқыштың соңғы нұсқасын ойлап тапқан Роджер Шойер 2016 жылдың қазан айында оны патенттеп қойған.
Бірақ чех физигі Любош Мотль ғалымдардың EmDrive қозғалтқышы жайлы жазған мақаласынан біраз қате тапты. "Мақалада NASA сөзі 10 рет кездеседі. Және 8 рет мақала авторларының атын көрсеткен кезде кездеседі. Бұл жерде NASA сөзін қайта-қайта жаза беру авторлардың өздерінің есімдерін есте қалдыру үшін жасап отырған кезекті қулығы", - деп келтіреді чех физигінің сөзін РИА Новости.
Оның айтуынша, мақала авторлары расында да бір күштің тартылғанын тіркей алған. Алайда Мотльдің айтуынша, осындай мақаланы ғылыми журналда жариялау басылымның беделін түсірумен тең.