Климаттың жылынуынан тоңдардың еруі бұрынғы экожүйелердің, оның ішінде вирустардың жер бетіне шығуына ықпал етуі мүмкін. Мұндай қорытындыны Тынық мұхиты география институты Солтүстік-шығыс ғылыми-талдау станциясының аға қызметкері Сергей Давыдов жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Климаттың жылынуынан тоңдардың еруі бұрынғы экожүйелердің, оның ішінде вирустардың жер бетіне шығуына ықпал етуі мүмкін. Мұндай қорытындыны Тынық мұхиты география институты Солтүстік-шығыс ғылыми-талдау станциясының аға қызметкері Сергей Давыдов жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Біздің еліміздің территориясының 10 пайыздан астамы - мәңгі тоң. Бұл - миллион жыл бұрын қатып қалған шөгінділер. Яғни, біз бұрын экожүйенің бөлшегі болғанды қайта ала аламыз. Жануарлары бар мамонт экожүйе болған - мамонттар, мүйізтұмсықтар, сол кезде өз аурулары болды. Олардың бәрі бұрын қатып қалған, қазір еріп жатыр", - дейді ғалым.
Давыдовтың айтуынша, юкагирлардың - Сібір солтүстік-шығыс халқының саны қара шешектің салдарынан азайған. Сол кезде өлім көп болған. Сондай-ақ ғалымның айтуынша, мамонттардың сүйектерінен сібір жарасы табылған.
"Шешек тоңның бір жерінде қатып қалуы мүмкін. Мұндай фактіні жоққа шығармаймыз. Баяғыда болған эпидемияларды зерттеу керек", - деді Давыдов.
Ғалымның айтуынша, зерттеушілер "қуанышқа орай, адамға әсер ете қоймайтын" жаңа вирустар табады.
Ал Биогеохимия және климатология бойынша халықаралық ғылыми-оқу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Александр Федоровтың хабарлауынша, Якутияда климаттың өзгеруінен қорымдардағы сібір жарасы мен байырғы бактериялардың қайта шығу қаупі күшейген.
"Бұл проблема (сібір жарасы бар мал қорымдарының еру қаупі - еск.) климаттың жылуына дейін де болған. Біздің өзендерімізде мұндай қорымдарды қопарған кездер болған. Ал климат жылыған сайын бұл қауіп күшейе түседі", - деп ескертті ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!