05 наурыз 2014 | 10:59

Ғалымдар 30 мың жыл бұрын пайда болған вирусты тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Pithovirus sibericum. Фото Julia Bartoli и Chantal Abergel. Pithovirus sibericum. Фото Julia Bartoli и Chantal Abergel.

Франция мен ресей ғалымдары Чукоткадағы Колыма өзенінің табанынан көне вирусты тапты. 30 метр тереңдіктен табылған алып вирус өзен табанындағы мәңгілік мұздықта сақталған, деп хабарлайды New Scientist басылымы. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, жаңадан табылған бұл вирус жер бетінде табылған ең алып вирус болып табылады екен. Pithovirus sibericum деп аталатын вирустың пайда болуы шамамен 30 мың жылға жуықтайды. Ғалымдар өздері тапқан вирусты Петри құтысына амеба тірі клеткасымен бірге салып қойған. Арада бірер уақыт өткенде әлгі вирустың бойына жан бітіп, клетка ішінде қозғала бастапты. Өмірге қайта келген вирустың ұзындығы 1,5, ал ені 0,5 микрометрге дейін жеткен. Вирустың ірілігі сондай оны әр орта мектепте бар кәдуілгі микроскоппен де көруге болады. Әдетте ғалымдар әлдебір вирустарды көру үшін электронды микроскопты пайдаланады екен. Жаңадан табылған питровирустың тағы бір ерекшелігі оның бойында генетикалық материалдардың көптігінде болып отыр. Мәселен, кәдігімгі тұмау вирусында бар болғаны 8 ген ғана болса, ал жаңа патогенде 500-ге жуық геннің бары екені анықталып отыр. Тұмаумен салыстырғанда Pithovirus sibericum вирусының адам үшін де, жануарлар үшін де қауіпті емес. Ол вирус тек тірі амеба клеткаларына ғана жұғады. Алайда ғалымдар мәңгілік басқа да мұздықтарда жер бетіндегі тіршілік етушілер үшін аса қауіпті болып саналатын вирустардың да бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. "Жер шарының солтүстік бөлігінде орналасқан минералды және энергетикалық мұндай ресурстар жыл өткен сайын орын алып отырған ғаламдық жылынудың салдарынан адам көзіне көрініп, олардың түр-түрі бар екені анықтала бастаған. Мәңгілік мұздақтардың еруінен жердің экожүйесіне ғалымдарға белгісіз болып келген тіршілік иелері үшін аса қауіпті болып саналатын вирустардың араласып кетуі де мүмкін", - дейді Марсель микробиология институтының докторы Жан-Мишель Клаверье.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети