18 сәуір 2017 | 11:30

Ғалымдар Adidas киген 1000 жылдық мумияның құпиясын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылдың сәуір айында халықаралық БАҚ Моңғолияның Алтай тауларынан табылған ғажайып туралы жарыса жазған болатын. Археологтар 2 800 метр биіктіктегі ежелгі қорымнан жақсы сақталған әйелдің сүйегін тапқан болатын. Үш метр тереңдіктен табылған әйелмен көптеген заттар - киімдер, әшекейлер, түрлі ыдыс, металл құралдар, бүтін жылқы мен қойдың басы бірге көмілген. 

Иконка комментария блок соц сети

Ғалымдардың назарын аудартқаны - әйелдің аяқкиімі еді. Сыртынан қарағанда олар Adidas кроссовкаларына өте ұқсас келеді. Конспирология жақтаушылары мұны уақыт машинасымен өзге дәуірге баруға болатыныдығының тағы бір дәлелі екенін айтуымен болды. 

Кейін Моңғолияның Ховд қаласындағы мұражай директоры "кроссовкалардың" қазіргі спорт аяқ киімдеріне еш қатысы жоғын, сол дәуірдегі түркілердің аяқ қиімі екенін мәлімдеді. 

Археологтар мумияны зерттей келе тағы бірнеше құпияны ашты. The Siberian Times басылымының жазуы бойынша, әйелдің 1 100 жыл бұрын өмір сүргені анықталды. Ол 30-40 жас шамасында көз жұмған. Алдын ала болжам бойынша, бас-ми жарақатынан (бет сүйектеріне соққы жасалған анықталды).

Зерттеушілердің пайымынша, әйел тігінші болған: қорымнан тігіншінің құрал-саймандары табылған. Ол орта тап өкілі болғанға ұқсайды. Бұл тұжырымға әйелдің жанынан табылған заттар дәлел болып отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети