23 қараша 2015 09:43

Ғалымдар ақылды болудың ең қарапайым әдісін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kp.ru © Kp.ru

Ұлыбританиялық зерттеушілер аз ғана уақыт ішінде адамның жұмыс істеу қабілетін арттырып, интеллектін жақсартудың қарапайым әдісін тапты, - деп хабарлайды Sibnet.ru.


Ұлыбританиялық зерттеушілер аз ғана уақыт ішінде адамның жұмыс істеу қабілетін арттырып, интеллектін жақсартудың қарапайым әдісін тапты, - деп хабарлайды Sibnet.ru.

Ол үшін бір шыныаяқ су ішу керек. Сараптама бір ғана шыныаяқ су мидың жұмыс істеу қабілетін 14-15 пайызға арттыратынын көрсетті. Осы теорияны дәлелдеу үшін тәжірибе жүргізілді, оған бірнеше ер және әйел адам қатысты. Ғалымдар тәжірибеге қатысу үшін адамдарға өз еркімен келуді ұсынды - қатысушылардың бір тобына таңғы астан кейін бір шыныаяқ су берілсе, екінші топтағы адамдарға су мүлдем берілмеді.

Шығыс Лондон университетінің сайтында газдалмаған су ішкендердің миының белсенділігі артқаны хабарланды. Олардың нәтижесі екінші топтағылардан әлдеқайда жақсы болды.

Зерттеушілердің пікірінше, аз көлемде су ішу ағзадағы ылғалдылық жетіспеушілігінен миға түсетін ауыртпалықты азайтады. Ғалымдар ағзадағы мұндай ылғалдылық адам үшін өте маңызды екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети