11 тамыз 2019 | 15:13

Ғалымдар алғаш рет адам бауырын ГМА көмегімен зертханада өсірді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости / Павел Комаров © РИА Новости / Павел Комаров

Америкалық ғалымдар тарихта алғаш рет гендік-модификацияланған жасушалар негізінде адам бауырының шағын моделін өсірді, - деп хабарлайды Риа Новости тілшісі Medicalxpress.com порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық ғалымдар тарихта алғаш рет гендік-модификацияланған жасушалар негізінде адам бауырының шағын моделін өсірді, - деп хабарлайды Риа Новости тілшісі Medicalxpress.com порталына сілтеме жасап.

Питтсбург университетінің мамандары жұмыс барысында толық жетілген қан тамырлары бар мүшені өсіріп шыға алды. 

Шағын бауырда адам бауыры сияқты мата қабаты бар. Ғалымдар өз тәжірибелерінде генетикалық түрлендірілген жасушаларды қолданғанын атап өтті.

Гендік модификацияланған бауырды құру процесі кезең-кезеңмен өткен. Мамандар алдымен адам терісінің жасушаларын алып, оларды модификациялап, нәтижесінде діңгек жасушаларын алған.

Содан кейін зертханалық егеуқұйрықтардың бауырынан жасуша алып ағзаның қабығын ғана қалдырған. Кейін олар діңгек жасушаларды жануарлардың бауырына орнатқан.

Бауыр толыққанды өсіп, дамуы үшін арнайы ортаға орналастырылды, онда кеміргіштердің ағзасында тіндер мен қан тамырлары қалыптаса бастады.

Бұл әдісті трансплантация жасау үшін ағза қалыптастыруда, сондай-ақ, циррозға әкелетін бауырдың алкоголь емес май ауруын емдеу кезінде қолдануға болады. Жасанды бауыр ғалымдарға бүгінгі таңда белгілі дәрі-дәрмектердің қайсысы тиімді емес екенін анықтауға көмектеседі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети