06 қазан 2021 | 16:30

Ғалымдар депрессиямен күресуге арналған ми имплантын ойлап тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадрдан видеолар Кадрдан видеолар

Америкалық ғалымдар депрессиямен күресуге көмектесетін құрылғы жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New Scientist-ке сілтеме жасай отырып.


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық ғалымдар депрессиямен күресуге көмектесетін құрылғы жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New Scientist-ке сілтеме жасай отырып.

Сан-Францискодағы Калифорния университетінің мамандары ауыр депрессияны анықтау, емдеу үшін эпилепсияға қарсы имплантты сынақтан өткізді. Тәжірибе бір науқасқа жасалған, оның нәтижесі "өмір төңкерісі" деп аталған.

Ғалымдардың айтуынша, сіріңке қорапшасындай құрылғы электрлік сигналдармен ми белсенділігіне әсер етеді. Одан екі сым шығып, миға енгізіледі. Электродтар жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп, депрессияға әкелетін сигналдарды тоқтатады.

 Жаңа ғалым

Құрылғы депрессия диагнозы қойылған Сара есімді 36 жастағы науқасқа сәтті сыналған. Батарея мен импульстік генераторы бар кішкене қорап шаш астындағы сүйекке орналастырылған. Сара құрылғыны имплантациялау операциясынан кейін бірден эйфорияны сезінгенін айтқан.

"Имплант алғаш рет енгізілгеннен кейін менің өмірім қайтадан жағымды жаққа өзгерді. Бес жыл ішінде алғаш рет себепсіз, кенеттен күлдім", - деді ол. Әйел құрылғыны бір жылдан бері қолданып келеді, өзінің айтуынша, ол депрессияны жеңді.

Әр 30 минут сайын электродтар сигнал жібереді, құрылғыдағы батареялар 10 жылға жетуі керек. Сара ешқандай жанама әсер болмағанын айтты.

Зерттеуші Кэтрин Скангостың айтуынша, құрылғыны орнатпас бұрын, зерттеушілер Сарада депрессия кезінде белсенді болатын ми аймақтарының картасын жасаған. Бұл проблемалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді екен.

Имплантты жасаған ғалымдар жеке зерттеуді қажет ететіндіктен және әр науқастың ми аймағының жеке карталарын жасау керек болғасын, құрылғының басқа науқастарға қаншалықты пайдалы болатынын айтуға әлі ерте дейді. Толық зерттеу үшін бірнеше жыл қажет екен, бірақ мамандар ұқсас құрылғыларды дамытуды жалғастыруға ниет білдіріп отыр.

Зерттеу нәтижелері Nature Medicine журналында жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети