Ежелгі инктер өз балаларының әлеуметтегі статусы жоғары болуы үшін олардың бассүйегін деформациялайтын болған. Бұл туралы Current Anthropology журналында жарияланған зерттеуде айтылады.
Ежелгі инктер өз балаларының әлеуметтегі статусы жоғары болуы үшін олардың бассүйегін деформациялайтын болған. Бұл туралы Current Anthropology журналында жарияланған зерттеуде айтылады.
"Басы сопайған әйелдер жақсы тамақтанатын болған және зорлықтан сирек өлген. Осылайша, бассүйек формасы ежелгі Перудегі әлеуметтік теңсіздік жүйесі қалыптасып келе жатқан кезеңде ерекше рөл атқарған", - деп мәлімдеді Итакадағы Корнелл университетінің ғалымы Мэттью Веласко (Matthew Velasco).
Ежелгі заманда әлемнің түкпір-түкпірінде адамның сыртқы келбетіне байланысты көптеген ерекше дәстүрлер болған. Мәселен, ежелгі Қытайда қыз балалар жастайынан аяғын өсірмей, қалыпқа сақтаған, себебі мұнда аяқ қаншалықты кіші болса, бұл оның соншалықты текті, парасатты жерден шыққанын айшықтайтын болған.
Ал Жапонияда тісті қара бояумен бояп, тісжегінің шығуына кедергі келтірмеу дәстүрі болған. Қара тіс байлықтың, жарына адалдықтың белгісі саналып, бұл дәстүрі кейін Азияның өзге де халықтарына тараған.
© Cornell University
Осындай тұжырымдар айтқан Веласко ғалымдардың инктердің өз балаларының бассүйегін әлеуметтік себептер бойынша созып, деформациялаған деп есептеп келгенін және бұл жұмбақтың жауабын дұрыс тапқанын жазған. Алайда, кейбір дәстүрдің жауабы әлі күнге белгісіз қалып отыр, себебі бұл салттардың жазбаша сипаттамасы қалмаған.
Веласко мен оның командасы Колка жазығында табылған ежелгі үндістердің мәйітін зерттей келе, бір тоқтам жасаған. Сол замандарда бұл алқапта, конкистадорлардың хронологиясына сенсек, коллагуа және кабанас деген екі ірі үндіс тайпасы тіршілік еткен. Олардың әрқайсында өзіндік мәдениеті мен дәстүрі болған, оның ішінде бастың формасына қатысты өз ұғым-түсініктері болған. Мәселен, коллагуа моласында ұзын әрі сопақ келген бассүйектер көбірек табылған, ал кабанас моласында жазық әрі тегіс келген бассүйектер табылыпты.