Ғалымдар Германия көшбасшысы Адольф Гитлер Паркинсон ауруына шалдыққандықтан КСРО-ға шабуылдады деген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru. Мамандардың айтуынша, Гитлердің дерті Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елдің жеңіліс табуында аса маңызды роль атқарған.
Ғалымдар Германия көшбасшысы Адольф Гитлер Паркинсон ауруына шалдыққандықтан КСРО-ға шабуылдады деген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru. Мамандардың айтуынша, Гитлердің дерті Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елдің жеңіліс табуында аса маңызды роль атқарған.
Рагхав Гупта (Raghav Gupta) мен оның Питтсбург университетіндегі әріптестері фотохроника кадрларына талдау жасады: одан фюрердің 1933-1945 жылдары қозғалу функциясының бұзылғанын көруге болады. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, оның сол жақ қолы дірілдейтін болған. Паркинсонизм көбінесе гипокинезияға шалдықтырады, сонымен қатар, омыртқаны қисайтып, аяқты сүйрете басқызып, қиялдауға мұрша бермей, жалпы енжарлыққа әкеп соғады. Айта кетейік, бұл белгілердің барлығы Гитлердің өмірінің соңғы жылдарында байқалған.
Ғалымдардың айтуынша, тап осы Паркинсон ауруы оның Ұлыбританиямен соғыс аяқталмай тұрып КСРО-ға шабуылдауына шешім қабылдатқан, сонымен қатар, фельдмаршал Паулюстың әскеріне Сталинградтан шегінуіне тыйым салып, Нормандия қорғанысын ұйымдастыруға жол бермеді.
Алайда неліктен Адольф Гитлердің 1933 жылға дейін албырт және ақиқатқа жатпайтын шешім қабылдағанына түсінік берілмейді. Ғалымдардың айтуынша, ол бұл дерттің ең алғашқы белгілерінен Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ зардап шеккен. Фюрердің әрекеттерін Паркинсон ауруымен байланыстырып өзге де ақпарат құралдары жазды. Олардың ойынша, бұл дерттің бастауы Экономо энцефалитінде жатыр, Гитлер оған 1918 жылы испан тұмауының эпидемиясы кезінде шалдыққан. Бұл энцефалит паркинсонизм белгілерінің дамуына әкеп соғады. Өзге авторлардың сөзіне қарағанда, Гитлер амфетаминді жиі қолданған, ол 1920-1930 жылдары депрессияны, демікпе мен Паркинсон ауруын емдеу үшін белсенді түрде қолданылған: таяуда жасалған медициналық зерттеу амфетаминді көп қолданудың паркинсонизм қаупін 76 пайызға арттыратынын көрсетті.