30 сәуір 2015 17:03

Ғалымдар жарқанатқа ұқсайтын динозаврды тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Deita.ru @Deita.ru

Палеонтологтар жарқанатқа ұқсайтын қанаттары ерекше динозаврды тапты, - деп хабарлайды Газета.Ru Nature басылымына сілтеме жасап. Бауырмен жорғалаушы құстарға ұқсайтын Scansoriopterygidae тұқымдасына жатады.


Палеонтологтар жарқанатқа ұқсайтын қанаттары ерекше динозаврды тапты, - деп хабарлайды Газета.Ru Nature басылымына сілтеме жасап. Бауырмен жорғалаушы құстарға ұқсайтын Scansoriopterygidae тұқымдасына жатады.

Ерекше динозаврдың қаңқасы Қытайдың Хэбэй ауданының аумағынан табылды. "Жарқанат" шамамен 160 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Ол өте кішкентай болған, оның салмағы 360-380 грамм шамасында. Ғалымдар оны "и-ци" деп атады. Бұл атау қытай тілінен аударғанда "оғаш қанат" дегенді білдіреді. Динозаврда оның тұқымдастарында болмаған ұзын білек болған. Оның қанаттарының құрылысы үшінші ұзын саусағының негізінде жатыр. 

Еске сала кетейік, осыған дейін ең үлкен динозаврдың сүйегі табылғаны хабарланған болатын. Жамбас сүйектеріне қарағанда, оның ұзындығы 40 метр, бойы 20 мертдей болған. Ал салмағы 77 тонна, бұл африкалық төрт пілдің салмағына тең. "Сүйектердің салмағын анықтаған соң, бұл жер бетінде тіршілік еткен ең үлкен жануар деген тоқтамға келдік", - деді сұхбат барысында палеонтологтар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети